Жыл басынан бері Атырау облысында интернет-алаяқтық бойынша 500-ден астам дерек тіркелді. Оның ішінде 120-дан астам қылмыстық іс сотқа жолданды.
Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы бойынша жыл басынан бері 45 дерек тіркеліп, оның 11-і сотқа жолданды.
Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың алдын алу, сондай-ақ қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау және жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Соңғы уақытта белгісіз тұлғалардың өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, құқық қорғау немесе арнайы органдардың қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалу фактілері жиі кездеседі.
Алаяқтар түрлі сылтаумен жеке деректерді, банк шотына қатысты ақпаратты сұрап, ақша аударуды талап етуі мүмкін.
Есте сақтаңыз: мемлекеттік органдар телефон арқылы банк картасының мәліметтерін, CVV-кодты және SMS арқылы келген кодтарды сұрамайды.
Жеке деректеріңізді, банк картасының нөмірін, CVV және SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіздер.
Мұндай жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ақпараттың шынайылығын ресми арналар арқылы тексеріңіз.
Алаяқтық белгілері байқалса, «102» нөміріне хабарласыңыздар!




