Германиялықтар Атырау полицейлеріне алғыс білдірді

Қазақстанға туристік мақсатпен келген Германия азаматтары елде болу мерзімін бұзғандықтан, шығу визасын рәсімдеу үшін Атырау облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасына жүгінді.

 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері қажетті құжаттарды қалпына келтіруге және шығу визасын рәсімдеуге көмек көрсетті. Нәтижесінде барлық құжат бір тәулік ішінде дайындалып, шетелдіктерге шығу визасы берілді.

 

Көрсетілген көмектің нәтижесінде Германия азаматтары көші-қон қызметінің қызметкерлеріне алғыс білдірді.

 

Атырау облысының көші-қон қызметі шетел азаматтарының өтініштерін жедел қарауға, сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қолданыстағы заңнама аясында көмек көрсетуге басымдық береді. Бұл жұмыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында заң талаптарын сақтай отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

 

Майра ЕРҒАЛИ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT