№94 референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып дауыс берген азаматқа арнайы естелік сыйлық табысталып, оның белсенділігі ерекше аталып өтті. Бұл сәт учаскеге келген тұрғындардың қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Учаске төрағасының орынбасары Ақмарал Амантұрлының айтуынша, дауыс беру күні бойы жалғасады және әрбір азамат өз конституциялық құқығын пайдалана алады. Сондай-ақ мұнда бүгін 2000-нан аса дауыс беруші өз таңдауын жасай алады. Олардың ішінде 100ге толған аяулы әжеміз де бар. Ақжаулықты қарияға дауыс беру үйінен жүзеге асады.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



