Елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Жылыой ауданында дауыс беру науқаны белсенді түрде жалғасуда. Аудан тұрғындары өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетіп келеді.
Сайлауға қатысуға ниет білдіргендердің қатарында жуырда ғана 100 жасқа толған тыл ардагері Унзира Әбілғаизева да бар. Ақжаулықты қария денсаулығына байланысты аудандықКең Жылыой” мәдениет үйінде орналасқан №94 референдум учаскесінің мүшелерін үйіне шақырып, үй жағдайында дауыс берді.
Ғасыр жасаған ардагер үшін ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерден шет қалмау – азаматтық борыш. Қарияның айтуынша, елдің ертеңі үшін әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғамдық маңызды науқандарға қатысуы қажет. Учаске мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырды. Барлық қажетті құжаттар тексеріліп, дауыс беру ашық әрі әділ өтті.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



