Creative Hub орталығында өткен кеште ақынның өмірі мен шығармашылық жолы сөз болып, өлеңдері оқылды. Кеште ақын мұрасына қатысты қызықты деректер айтылып, ән шырқалып, домбыраның күмбірлеген үні естілді.
Поэзия мен музыканы тоғыстырған жүздесу көрерменге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар «Біз де адамбыз» қоғамдық қорының аға нұсқаушысы Дәурен Жәрдемовтің айтуынша, мұндай кештер мүмкіндігі шектеулі жандардың өнер арқылы өз қабілетін танытуына жол ашады.
– Бұл кеш инклюзия бағыты бойынша ұйымдастырылып отыр. Өзім секілді мүмкіндігі шектеулі жандар өнер көрсетеді. Өнер кім-кімнің де ішінде бар. Сондықтан осындай шаралардың ұйымдастырылуы әр адамның өз қабілетін көрсетуіне мүмкіндік береді, – дейді ол.



