Ерлан Сәрсембаев: «Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығы мен бостандығын біріктіретін құжат»

Ақтөбеде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және Жалпыұлттық коалиция мүшелері «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» кәсіпорнында теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Онда Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасының 15-бабында алғаш рет әр адамның мемлекеттік органның немесе оның лауазымды адамының заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды мемлекеттен өтетіп алуға құқығы бар деп жазылғанын мәлімдеді. 

 

«Бұрын осындай норма болған емес. Бұл – мемлекеттің, мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін көтеру мәселесі. Осындай қателік болып жатса, оны мемлекет толығымен өз мойнына алуға мәжбүр. Бәріміз – заң алдында теңбіз. Бұл тек қана саяси, құқықтық құжат емес, ол – әр азаматтың құқығы мен бостандығын біріктіретін құжат», – деді Ерлан Сәрсембаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT