Ерлан Саиров: «Жаңа Конституция – еліміздің ертеңіне бағытталған нақты қадам»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Астанада конституциялық реформаға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған live-концертке қатысты.

Ол алда ел тағдырына тікелей әсер ететін маңызды таңдау тұрғанын атап өтті. Депутаттың айтуынша, Жаңа Конституция жай ғана құжат емес, бұл еліміздің болашағына бағытталған нақты қадам. Құжатта жастардың сапалы білім алуы, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімді болуы және Парламент жауапкершілігінің артуы секілді маңызды мәселелер қамтылған.
#референдум2026 #ЖаңаКонституцияҮшін #АтаЗаң #15наурыз #АтаЗаңдыҚолда 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Референдум 2026

Референдум 2026