Енді АПВ вакцинациясы 14-17 жастағы жасөспірімдерді де қамтиды

Жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі – адам папиллома вирусы.

Аурудың алдын алудың тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Жыл басынан бері Қазақстанда 33 мыңнан астам оқушы қыз АПВ вакцинасының алғашқы дозасын, 24 мыңнан астамы екінші дозасын алды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Дәрігерлердің айтуынша, АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы ағзада еш белгісіз сақталып, жылдар өткен соң жатыр мойны обырының дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан инфекцияның алдын алуда вакцинацияның маңызы зор.

 

Қазақстанда жыл сайын шамамен 2 мың әйелден жатыр мойны обыры анықталады. Ал 600-ге жуық науқас осы дерттен көз жұмады.

 

Бұған дейін АПВ-ға қарсы вакцинация 11-13 жастағы қыздарға жүргізілсе, қазір екпе 14-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді де қамтып отыр. Мамандардың мәліметінше, вакцина алған қыздар арасында ауыр жанама әсерлер тіркелмеген.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT