ҚР ПІБ Президенттік орталығында«Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар»тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстан РеспубликасыПарламентінің депутаттары, мемлекеттікоргандардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақжоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатарынанбарлығы 60 адам қатысты.
Конференцияның мақсаты – конституциялықжаңғырту жағдайында гендерлік саясаттың негізгібағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайтумәселелерін талқылау үшін саяси диалогты, академиялық сараптаманы және азаматтық қатысудыбіріктіретін маңызды ұлттық алаңға айналу.
««Бүгінде еліміз ауқымды конституциялықреформаның табалдырығында тұр. Оның маңыздыкезеңдерінің бірі – ағымдағы жылдың 15 наурызынабелгіленген республикалық референдум. Мемлекетбасшысы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілгенотырысында сөйлеген сөзінде: «Ұсынылып отырғанөзгерістер мемлекетіміздің конституциялықнегіздерін түбегейлі қайта жаңғырту қажеттігін күнтәртібіне қояды. Негізінен, сөз мемлекеттікбасқарудың жаңа жүйесін құру туралы болып отыр», – деп атап өтті. Еліміздің жаңа Негізгі заңы жобасыаясында қарастырылып отырған маңыздымәселелердің бірі – гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат. Соңғы жылдары Қазақстандагендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатыстыкемсітушілікті жою бағытында бірқатар жүйелі әріпрактикалық шаралар қабылданды. Қазақстандақоғамдық ұйымдардың дамыған желісі қалыптасқан. Атап айтқанда, Қазақстан РеспубликасыПрезидентінің жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттықкомиссия, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығыжәне басқа да ұйымдар белсенді жұмыс жүргізуде.Біздің Халықаралық әйелдер күні – 8 наурызқарсаңында бас қосуымыздың өзіндік тереңсимволдық мәні бар. Бұл күн гендерлік қатынастарсаласында бір ғасырдан астам уақыт бұрын орыналған шынайы серпілісті білдіреді. Қазіргі Қазақстанжағдайында да біз гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жетілдіру бағытында нақтыәрі тиімді қадамдар жасауымыз қажет», – деп атапөтті өз сөзінде ҚР Президенттік орталығыныңдиректоры Бақытжан Темірболат.
«Бүгінгі таңда гендерлік теңдік инклюзивті жәнеорнықты дамудың негізгі элементі болып қалабереді. Саяси контекстің өзгеруі, демографиялықүдерістер мен климаттың өзгеруі жаңа шындықтардықалыптастырып, бір жағынан мүмкіндіктер ашса, екінші жағынан сақталып отырған теңсіздіктердіайқындай түсуде. Осындай жағдайдаконституциялық жаңғырту негізгі құқықтардырастауға, институционалдық кепілдіктерді нығайтуғажәне гендерлік теңдіктің ұлттық даму басымдықтарының ажырамас бөлігі болып қалуынқамтамасыз етуге маңызды серпін береді. Конституциялық реформа мемлекеттік басқару мен құқықтық жүйелерде кепілдіктерді күшейтудіңқұқықтық негізін қалыптастырады», – деді БҰҰ-ныңӘйелдер құрылымының Орталық Азия бойыншаүйлестіру кеңсесінің басшысы, Қазақстандағы БҰҰ-ның Әйелдер құрылымының елдік өкілдігінің өкіліГюрэс Джерен Гювен.
Отырыс барысында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, отбасы, ана мен баланы қорғауға бағытталған жаңартылғанконституциялық тәсілдерге талдау жасалды. Мемлекеттік органдардың, сараптамалыққауымдастық пен халықаралық ұйымдардың өкілдеріозық тәжірибелермен, зерттеулермен жәнедеректермен алмасып, пікірталасты жаңа идеялармен көзқарастармен байытты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты Нұргүл Таудың пікірінше, конституциялық реформа – бұл заң мәтінін өзгертуғана емес, халықтың өмір сүру философиясын жәнемемлекет пен азамат арасындағы жаңа қоғамдықкелісімді айқындайтын үдеріс. Қазіргі гендерліксаясат пен отбасылық құндылықтар тақырыбы – сырттан енген үрдіс емес, тарихи тәжірибемізбенүндес бағыт.
«Соңғы жылдары қазақстандық қоғам ауқымдыөзгерістерді бастан өткеруде: цифрландыру, еңбекнарығының трансформациясы, урбанизация, жастардың дүниетанымының жаңаруы. Осындайжағдайда отбасы институтының рөлі мен оны нығайтудың маңызы арта түсуде. Әлемдік тәжірибекөрсеткендей, әйелдердің саясат пен экономикағақатысуы артқан сайын әлеуметтік саясаттың сапасыда жоғарылайды. Қазақ қоғамында әйел әрдайыммаңызды рөл атқарған – ол тек отбасының ұйытқысығана емес, ел тағдырына жауапты тұлға. Сондықтангендерлік саясатты ұлттық дәстүрлерге қарсықұбылыс ретінде емес, қазақ мәдениетінің заманауижалғасы ретінде қарастыру қажет», – деді депутат.
Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентіжанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттықкомиссияның мүшесі, «Цифрлық трансформация» қоғамдық қорының негізін қалаушы Азиза ШужeеваКонституцияның жаңа редакциясында азаматтардыңдербес деректерін қорғау, цифрлық ортадағы жекеөмірге қол сұқпаушылық, хат-хабар алмасу жәнебанк құпиясын сақтау құқықтары тікелейбекітілгенін атап өтті. Осылайша, аталғанкепілдіктер заң нормасы ғана емес, конституциялықмәртебеге ие болды.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел аясындаҚазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаттары Екатерина Смолякова, журналист, тележүргізуші, редактор және продюсер, Қазақстантарихына арналған телебағдарламалар мен деректіфильмдердің авторы Майя Бекбаева, Астана қаласыпрокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолданужәне апелляциялық сатыға қатысу басқармасыныңбасшысы Айжан Аймағанова, Дене шынықтыружәне бұқаралық спорт академиясының (APEMS) ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Астана қаласы бойыншаІскер әйелдер аралық кеңесінің төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері жәнеотбасылық-демографиялық саясат жөніндегікомиссия мүшесі, «Eligai» республикалық қоғамдықбірлестігінің президенті Сания Ирсалиева,Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, «PANA» жобасының жетекшісі, Әйелдер күштеріальянсының басқарма мүшесі Лариса Ли, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласыбойынша өкілі Баян Жалмағанбетова сөз сөйледі.
Конференция қорытындысы бойыншақатысушылар гендерлік саясатты дамытудың басымбағыттарын айқындап, заманауи әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер жағдайындаотбасылық құндылықтарды нығайтудыңмаңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттар инклюзивтіжәне орнықты қоғам қалыптастыруға негізделген.




