Отан қорғаушылар күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Ерлер — ел тірегі» атты салтанатты мерекелік шара өтті.
Тағылымы мол кешке аудан әкімінің орынбасары Е. Нұрланов арнайы қатысып, жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға ізгі тілегін жеткізді.
Мерекелік шара барысында әскери салада абыройлы қызмет атқарып жүрген бірқатар азамат аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, олардың адал еңбегі мен ел алдындағы жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
Кештің көркін жергілікті өнерпаздардың әсерлі өнері аша түсті. Патриоттық рухтағы әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер орындалып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Елге қызмет етудің қадірі мен ер азаматтың жауапкершілігін насихаттаған мазмұнды шара тұрғындардың көтеріңкі көңіл күйімен қорытындыланып, мерекелік кеш әсерлі әрі тағылымды деңгейде өтті.
А. Мейрамбайқызы



