М.Сатыбалдиев атындағы №18 орта білім беретін мектепте орналасқан №259 референдум учаскесінде егіздер – Гүлфайра мен Гүлайда өз таңдауларын жасап, белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Егіз әпкелер елеулі қоғамдық оқиғаларға үнемі атсалысып келеді. Олар бұған дейін де өткен барлық саяси науқандарға жүйелі түрде қатысып жүргендерін айтып, өзге тұрғындарды да белсенді болуға шақырды.
Айта кетейік, бүгінде Жылыой ауданы бойынша дауыс беру учаскелері жұмыс істеп тұр. Аталған орындарда қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптар сақталып, тұрғындардың еркін дауыс беруіне барлық жағдай жасалған. Тұрғындардың қатысу белсенділігі де жоғары деңгейде.
Республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.



