Егіс еңбегінің алғашқы өнімі нарыққа шықты

Махамбет ауданында биыл 4785,9 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

Қазір шаруалар 300 тоннадан астам көкөніс пен 100 тоннадан астам бақша өнімін жинап үлгерді. Жиын-терім қараша айына дейін жалғасады.

Мемлекеттік қолдау аясында шаруаларға жеңілдетілген дизель отыны, минералды тыңайтқыштар мен субсидиялар беріліп, суару инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда. Ал жиналған өнім алдымен жергілікті нарыққа шығарылып, кейін облыс тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT