Дәстүрлі күй жүректі тербетті

№5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі №96 референдум учаскесінде ерекше мәдени сәт орын алды. Т. Құлтумиев атындағы №1 саз мектебі жанынан құрылған «Самға» фольклор ансамблі өнер көрсетті. Жетекшісі – Әлішер Лапишев Қасанұлы.

Маңызды сәтке келгенде дәстүрлі қазақ күйлері әуенге қосылып, қатысушылардың жүрегінде ұлттық рухты оятты, әркімді елдің тарихы мен салт-дәстүріне тартты. Ансамбльдің орындауындағы күйдің тереңдігі мен саздың күші көрермендерге ерекше әсер қалдырып, дауыс беруге келген адамдардың көңіл-күйін көтерді. Бұл сәт тек өнердің ғана емес, ұлттық бірліктің де көрінісі болды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT