Доссорда спорттық және балалар ойын алаңы ашылды

Доссор кентіндегі Б. Аймағамбетов көшесінде спорттық және балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Аудан әкімі алаң балалардың қауіпсіз ортада ойнауына және жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

- Жаңа алаң заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда баскетбол, волейбол және теннис ойнауға арналған спорттық аймақтар, ересектер мен балаларға арналған жаттығу және ойын алаңдары бар. Сонымен қатар аумаққа жарықшамдар орнатылған,- деді аудан әкімі.

 

Нысан тұрғындардың белсенді демалысына жағдай жасап, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT