«Әділет» партиясы қарияларға көне Сарайшықты таныстырды

«Әділет» партиясы Атырау қалалық филиалының ұйымдастыруымен №4 Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары көне Сарайшыққа экскурсияға барды.

Сапар аға буын өкілдеріне туған өлкенің тарихын таныстырып, бірге уақыт өткізуге арналды.

 

Экскурсияға партияның Атырау қалалық филиалының Саяси кеңес мүшелері Гүлжайна Маратқызы мен Нұрхан Бақытжанов, партияның Махамбет аудандық филиалының төрағасы Руслан Әженов және облыстық Жастар мәслихатының төрағасы Жанболат Қабиденов қатысты. Сарайшық ауылдық округінің әкімдігі де меймандарды ерекше ықыласпен қарсы алды.

 

Қариялар «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын аралап, ортағасырлық қаланың өткені мен тарихи мұралары туралы мағлұмат алды. Олар «Сарайшық» сапар орталығын, этнографиялық музейді, «Хандар пантеоны» мемориалдық ескерткішін және көне қаланың орнын көрді.

 

-Аға буынға құрмет көрсету мен қамқорлық таныту – бәрімізге ортақ міндет. Сарайшыққа жасалған бұл сапар қарияларға жақсы көңіл күй сыйлап, туған жердің бай тарихымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді, – деді «Әділет» партиясы Атырау қалалық филиалының төрағасы Қуандық Жақиялиев.

 

Танымдық сапар қарияларға туған өлкенің мәдени мұрасын танып, әсерлі күн өткізуге мүмкіндік берді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT