Департаментте халықаралық сарапшының қатысуымен кездесу өтті

Атырау облысы Полиция департаментінде 16 қазан күні балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын қолдау мәселелеріне арналған кездесу өтті.

 Жиынға Румынияның «PLURICONSULT» халықаралық зерттеу ұйымының сарапшысы Monica Obreja қатысып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен кәсіби тәжірибесімен бөлісті.

 Кездесу «Қазақстандағы тиімді көпсекторлы жүйелік ынтымақтастыққа ықпал ететін психикалық денсаулық саласындағы реформалар, бағдарламалар мен бастамаларды формативті бағалау» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT