Жыл сайын елімізде балалардың өзендерде, көлдерде, су қоймаларында, каналдарда және басқа да су нысандарында жазатайым оқиғаларға ұшырау фактілері тіркеледі.
Мәселен, 2026 жылғы 31 наурызда Түркістан облысында Машат өзенінің маңында ойнап жүрген кәмелетке толмаған баланың, 2026 жылғы 8 мамырда Алматы облысындағы «Саз Талғар №2» су қоймасында кәмелетке толмаған балалардың суға кету фактісі тіркелді. 2025 жылы балалардың суға батып кеткен 49 жағдайы тіркелді (2023 жылы – 60, 2024 жылы – 55).Оқиғалардың басым бөлігі шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдындарында, сондай-ақ ересектердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан орын алған. Бұл ретте суға батып кеткен балалар 2-18 жаста. Жаз мезгілінде балалардың су айдындарының маңында көбірек уақыт өткізуіне байланысты жағдайдың күрделене түсуі ықтимал.






