«BYE JAZ» АКУСТИКАЛЫҚ КЕШІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Жаңа орталық саябақта жаз бойы тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «BYE JAZ» акустикалық кешінің қорытынды концерті өтті.

Шара басында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауова сөз сөйлеп, жазғы акустикалық кештерге белсенді қатысып, өз өнерлерін көрерменге ұсынған өнерпаздарды арнайы марапаттады. Олардың қатарында Ишанғалиевтер отбасы, Сайфолла Балмағамбетов, Алтай Сәрсенбаев, Жәнібек Аманжолов, Жасұлан Сисенбаев және тағы басқа өнерпаздар бар.

Артынша кешті ауданның өнерлі тұрғындарымен көркемөнерпаздары жалғап көрерменге мерекелік көңіл күй сыйлады.

«BYE JAZ» – аудан тұрғындарын әсем әуен мен шығармашылыққа тоғыстырған жазғы мәдени жобалардың бірі болды. Қорытынды кеш соңында ұйымдастырушылар тұрақты қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс білдірді.

 

С.Бек

 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT