9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай қаламыздың орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған майдангерлердің рухына тағзым жасалды.
Сондай-ақ соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, олардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.
Шараға аудан көлеміндегі 50-ден астам мекеме мен ұйым өкілдері, ардагерлер, жастар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып, жалпы саны 300-ден астам адам қатысты. Олар «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтары мен гүл себеттерін қойып, Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ



