Боздақтар рухына құрмет

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай қаламыздың орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағында гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін жанын қиған майдангерлердің рухына тағзым жасалды. Сондай-ақ соғыс жылдарында ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, олардың рухына бір минут үнсіздік жарияланды.

Салтанатты жиында аудан әкімі сөз сөйлеп, жылыойлықтарды Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.

- Сұрапыл соғыс жылдарында майданда ерлікпен шайқасқан жауынгерлер мен тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың арқасында бүгінгі бейбіт өмірге қол жеткіздік. Олардың қайсарлығы мен жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі. Ұлы Отан соғысының ауыр зардаптары мен халықтың бастан өткерген қиын кезеңдері ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың есімі ел жадында мәңгі сақталады,-деді аудан басшысы Жұмабек Қаражанов. 

Шараға аудандағы 50-ден астам мекеме мен ұйым өкілдері, ардагерлер, жастар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып, жалпы саны 300-ден астам адам қатысты. Олар «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне гүл шоқтары мен гүл себеттерін қойып, Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Д.ІЗБАСАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT