«Борышкер»: Атырауда бір күнде төленбеген айыппұлы бар 40-тан астам автокөлік анықталды

 «Борышкер»: Атырауда бір күнде төленбеген айыппұлы бар 40-тан астам автокөлік анықталды

Атырауда қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Борышкер» рейдтік іс-шарасы өтуде.

Рейдтің бір күнінде төленбеген айыппұлы бар 44 автокөлік анықталды. Оның ішінде 38 автокөлік бойынша берешек өндіріліп, 6 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

30 қазан күні Құрманғазы көшесінде Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ, Жұмыскер шағын ауданында ВАЗ-2115 автокөлігі тексерілді. Қорғау базасы арқылы көлік құралына 785 мың теңге көлемінде төленбеген айыппұл бары анықталып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

 Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды ескертеді!

 

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT