Болат Ақшолақов Сүйіндік, Азғыр және Асан ауылдарындағы әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Құрманғазы ауданына жұмыс сапары кезінде Сүйіндік, Азғыр және Асан ауылдарына барды. 

Өңір басшысы денсаулық сақтау, сумен қамту, мәдениет және спорт нысандарының, сондай-ақ құм тоқтату және “7-разъезд – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік” автомобиль жолын жөндеу жұмыстарымен танысты.

Болат Ақшолақов жұмыс сапарын қорытындылай келе, әлеуметтік нысандарды уақытында салып бітіруді, сумен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешуді және жол жобаларының сапасы мен мерзіміне бақылауды күшейтуді тапсырды. 

 

Толығырақ Атырау облысы әкімінің сайтынан оқи аласыздар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT