Бұл — біздің ортақ мүлкіміз

Қоғамдық орындардағы орындықтарды, аялдамаларды, ғимараттардың қабырғаларын, ескерткіштерді және басқа да нысандарды әдейі бүлдіру сырт көзге жай ғана тәртіпсіздік болып көрінуі мүмкін.

Алайда мұндай әрекеттердің артында қоғамдық мүлікке деген немқұрайлы көзқарас, өзгенің еңбегін бағаламау және заң талаптарын елемеу сияқты мәселелер жатыр.      

 Көп жағдайда вандализмнің салдарын бүкіл қоғам көреді. Бір адамның жасаған әрекетінен кейін белгілі бір нысанды қалпына келтіруге уақыт пен қаражат жұмсалады. Бұл қаражат басқа да маңызды қажеттіліктерге бағытталуы мүмкін еді. Сонымен қатар бүлінген орта адамдардың қалаға, ауылға немесе өз ауласына деген көзқарасына әсер етеді. Таза әрі ұқыпты орта адамға жағымды әсер берсе, бүлінген қабырғалар, сынған орындықтар немесе зақымдалған нысандар керісінше немқұрайдылық сезімін қалыптастырады.           

 Меніңше, қоғамда «бұл менің мүлкім емес» деген түсініктің орнына «бұл — біздің ортақ мүлкіміз» деген көзқарас қалыптасуы қажет. Адам өз ауласын, көшесін, мектебін, жұмыс орнын және қоғамдық кеңістікті өз мүлкіндей қадірлеген жағдайда вандализм сияқты әрекеттер де азая түседі. Заңды сақтау қорқыныштан емес, саналы түрде қалыптасқан жауапкершіліктен басталғаны дұрыс.

 

                         Жансая Мұсақызы     

  Аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT