«Бір күн – бір кітап беті»

Жылыой аудандық орталық кітапханада «Кітап тайм – 2026» V жалпы республикалық кітап фестивалі аясында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқырмандардың кітаппен жақын қарым-қатынасын қалыптастыру және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында бірқатар танымдық әрі мазмұнды жұмыстар жүргізілді.

Шара барысында кітапхана қорындағы таңдаулы әдебиеттерден жасақталған кітап көрмелеріне шолу жасалып, оқырмандарға ұсынылған кітаптардың мазмұны мен маңызы таныстырылды. Көрмелер арқылы көркем әдебиет және әртүрлі тақырыптағы кітаптарға назар аударып, оқырмандардың кітап таңдауға деген қызығушылығын арттыру көзделді.

Сонымен қатар «Бір күн – бір кітап беті» тақырыбында оқу марафоны ұйымдастырылып, қатысушылар кітап оқып, өздеріне ұнаған шығармалар мен кітап беттерінен алған әсерлерімен бөлісті. Марафон оқырмандарды күнделікті кітап оқуға ынталандыратын тиімді формат ретінде өткізілді.

Шараның қызықты әрі тартымды өтуіне "Кітап патшалығына саяхат" тақырыбында викториналық ойындар да өз үлесін қосты. Қатысушылардың кітап, әдебиет, авторлар мен шығармалар туралы білімдерін тексеруге бағытталған сұрақтар қойылып, шараға қатысқан №1 жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары белсенділік пен тапқырлық танытып, өз білімдерін көрсетті.

 Жалпы «Кітап тайм – 2026» барысында кітап көрмелеріне шолу жасау, оқу марафоны және викториналық ойындар арқылы оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, оқырман белсенділігін күшейтуге және кітапхананың мәдени-танымдық ортасын жандандыруға бағытталған жұмыстар жүзеге асырылды.

Айгүл Амантайқызы,

оқырмандарға қызмет

 көрсету бөлімінің меңгерушісі

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT