Білім мен мәдениет - мемлекет тірегі

Республика азаматтарының мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына конституциялық деңгейде толық кепілдік беріледі.

Орта білім алу әрбір азамат үшін міндетті болып табылады және оны мемлекет өз бақылауында ұстайды. Кез келген азамат заңда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік жоғары оқу орнынан тегін білім алуға құқылы. Сонымен қатар әрбір адамның ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас пен шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар. Елімізде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілдерін дамытуға мемлекет тарапынан қамқорлық жасалады. Әрбір азамат тарихи және мәдени мұраларды сақтауға, тарих пен мәдениет ескерткіштерін аялауға міндетті. Мемлекет тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауды, оларды келесі ұрпаққа аман-сау жеткізуді өз мойнына алады. Шығармашылықпен айналысу, ғылыми зерттеулер жүргізу және өнер туындыларын жасау бостандығына заңмен кепілдік беріледі. Зияткерлік меншік құқығы, соның ішінде авторлық құқықтар мен өнертабыстар мемлекеттің ерекше қорғауында болады. Осылайша, сапалы білім алу мен мәдени құндылықтарды қастерлеу ел дамуының басты рухани негізі болып табылады.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT