Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында коалиция мүшелерінің өңір жұртшылығымен кездесуі өтті. Оны Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды. Жиын барысында Мұнайлы ауданы «Қызылтөбе лицейі» КММ тарих пәні мұғалімі, педагог-модератор Зәуреш Алданазарова сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасының білім мен ғылым саласындағы басымдықтарына тоқталды.
Ол бүгінгі өзгерістерді ұлт тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі деп бағалап, бұл үдеріс қоғамның ешбір мүшесін бейжай қалдырмайтынын айтты. Жас педагог ретінде ол Конституция жобасындағы білім мен ғылымға қатысты нормаларға ерекше назар аударғанын жеткізді.
Педагогтың пікірінше, бүгінде тек гуманитарлық бағытпен шектелу жеткіліксіз, логистика, IT және туризм сияқты салаларды дамыту үшін жастарға нақты қолдау қажет. Ол жаңа Конституция осы мәселелерге жауап беретін маңызды құжат екенін айтты.




