Мұнайшылар ел болашағын айқындаудағы өз үлесінің маңызды екенін түсініп, сайлауға ерекше жауапкершілікпен қатысуда.
Мұнай саласының қызметкері өз пікірінде:
«Елдің ертеңі, балаларымыздың болашағы және егемендіктің тұрақтылығы үшін өзгерістер қажет. Сол себепті дауыс беруге және науқанды қолдауға келдім. Әрбір қазақстандық азамат өз пікірін білдіріп, Конституциялық өзгерістерге қатысты ұстанымын танытуы тиіс. Дауыс беру – азаматтық міндетіміз», – деді.



