1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Жаңа Халықтық Конституциясының күшіне енуіне орай, 1-7 шілде аралығында республика көлемінде «Береке-Fest» акциясы өтіп жатыр.
Акция аясында Атыраудағы Авангард шағынауданындағы «Ярмарка» супермаркеттері және Сатпаев көшесіндегі “Анвар» супермаркет желісінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен күнделікті тұтыну тауарларына 15%-ға дейін жеңілдіктер ұсынылған.

Бұл бастама тұрғындарды қолдауға, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға және мерекелік кезеңде тиімді сауда жасауға мүмкіндік береді. Акция барысында сатып алушылар қажетті азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Ұйымдастырушылар тұрғындарды тиімді ұсынысты пайдаланып, 1–7 шілде аралығында акцияға қатысатын сауда орындарына келуге шақырады.



