БӨДЕНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ӨТТІ

19 қыркүйек – Дүниежүзілік тазалық күніне орай Индер ауданы Бөдене ауылдық округінде сенбілік ұйымдастырылды.

Экологиялық шараға ауылдық округке қарасты барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

Сенбілікке 50-ге жуық адам қатысып, ауыл аумағындағы көшелер, қоғамдық орындар мен айнала тазартылды. Қоқыстар жиналып, абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасының нәтижесінде 2,5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

Мұндай игі бастамалар ауылдың көркіне көрік қосып қана қоймай, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Әрбір тазартылған аумақ, ретке келтірілген көше – туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі.

Сенбілік барысында тұрғындар тазалықтың бір күндік науқан емес, күнделікті қалыптасқан мәдениет болуы керектігін атап өтті. Өйткені таза әрі көрікті ауыл – баршаға ортақ. Оның тазалығын сақтау әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.

 

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, туған жерге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты арттыру, сондай-ақ тұрғындарды тазалықты сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақыру.

 

Тазалық – ортақ мәдениет. Таза ауыл – тұрғындардың ортақ еңбегінің нәтижесі. Сондықтан туған жердің тазалығына әрқайсымыз өз үлесімізді қосайық!

 

Бөдене ауылдық округі

 

Таза ауыл – баршамызға ортақ міндет. Тазалықты өзіңнен баста!

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT