Баспана – басты мәселе

Апта басында аудан әкімі Жұмабек Қаражанов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді. Әкімдік ғимаратында өткен қабылдауда баспана, тұрғын үй кезегі мен әлеуметтік көмек мәселелері көтеріліп, аудан басшысы әр тұрғынның өтінішін назардан тыс қалдырмады.

Халықпен тұрақты түрде кездесіп, олардың көкейіндегі түйткілдерді тыңдап жүрген аудан әкімінің бұл жолғы қабылдауында тұрғын үйге қатысты сауалдар басым болды. Қабылдауға келген азаматтардың көбі жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрғанын, алайда баспанаға қол жеткізу қиындап бара жатқанын айтып, көмек сұрады. Әсіресе көп балалы отбасылар мен жалдамалы пәтерде тұрып жүрген тұрғындардың мәселесі ашық айтылды. Кей тұрғындар апатты деп танылған үйлердің мәселесін көтерсе, енді бірі тұрғын үй құжаттарын рәсімдеу кезінде туындаған кедергілерге шағымданды.

Аудан әкімі тұрғын үй мәселесінің кезең-кезеңімен шешілетінін айтып, қазіргі таңда бірнеше жоба қарастырылып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар тұрғын үй кезегінің заң аясында жүретінін, барлық азаматтарға кезек ретімен берілетінін атап өтті. Бұл ретте әр мәселені жеке бақылауға алып, жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар тұрғын үй мәселесіне қатысты заң талаптары түсіндіріліп, әр азаматқа қажетті кеңестер берілді. 

Д.ДЕРБІС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT