Аудандық мәслихат төрағасы өз таңдауын жасады

Жылыой аудандық мәслихат төрағасы Қанат Мыңбаев №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептегі №96 референдум учаскесінде дауыс берді.

«Бұл – еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Жаңа Конституция әр азаматқа өз құқықтарын нығайтуға, қоғамдағы теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан әркім саналы түрде, дұрыс таңдау жасауы керек»,-деді мәслихат төрағасы.

Еске сала кетейік, референдумда  дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT