Жылыой ауданындағы №235 референдум учаскесінде тұрғындар өз конституциялық құқықтарын пайдаланып, дауыс беруде. Учаске тәртіпті ұйымдастырылған, келушілерге барлық қажетті жағдайлар қарастырылған.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зағыпаров Ермек өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділік үлгісін көрсетті. Оның қатысуы учаскеге келгендер үшін маңызды саяси науқанға деген қызығушылықты арттырып, әрбір тұрғынға үлгі болды.
Қазіргі уақытта учаскеде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтуде, тұрғындар өз пікірлерін білдіруде, ал комиссия мүшелері азаматтарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуде.



