Қазіргі уақытта тұрғындардан көшпелі дауыс беру жәшігін апаруға өтініштер келіп түсуде.
Аудан бойынша 24 референдум учаскесіне 40 жуық өтініш түсті. Барлық өтініштер тиісті тәртіппен қаралып, түстен кейін жеткізілетін болады.
Айта кетейік, көшпелі дауыс беру жәшігін мекен-жайларға апару бойынша өтініштер 12:00-ге дейін қабылданады.



