Атыраулық спортшы Пара Азия ойындарында қола жүлде иеленді

Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өткен V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан атынан сынға түскен атыраулық спортшыларды Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының өкілдері, туған-туыстары мен спорт жанашырлары қарсы алды.

 

18–24 қазан аралығында ұйымдастырылған құрлықтық жарыста жерлестеріміз пара үстел теннисінен ел намысын қорғады.

 

Үш спортшының бірі Әли Махулбеков жарысты жүлдемен аяқтады. Ол жартылай финалда Қытай өкілі Чжао Шуймен кездесіп, 0:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде қола медальға қол жеткізді.

 

Әли Махулбековтің қола жүлдесі – Қазақстанның Азия Пара ойындары тарихында пара үстел теннисі бойынша иеленген алғашқы жүлде.

 

Атыраулық пара спортшылардың халықаралық жарыстағы жеңісі өңір спортының жетістіктерін толықтырып, Қазақстан құрамасының құрлықтық додадағы нәтижесіне үлес қосты.

 

 

 

Ботагөз ИСАТАЙ

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT