Кеше ғана Атырау қаласындағы Перетаска өзегінде Қызыл кітапқа енген лотос гүлінің өсіп тұрғаны туралы хабарлаған едік.
Бүгін қоғам белсендісі Аслан Омаров лотостың бұл аумақта пайда болуына себепкер болған жандар туралы айтып, олармен түсірілген бейнесұхбатты жариялады.
«Осыдан екі жыл бұрын Айым мен Шаттық қарындасымыз аналарының қолдауымен лотос гүлінің тұқымын Перетаска өзегіне сепкен болатын. Енді, міне, екі жылда лотос жайқалып өсіп тұр. Бұған себеп – осы екі қыз бен аналарының еңбегі» деп жазды Аслан Омаров өз парақшасында.
Ол сондай-ақ Атырау облысы әкімдігін лотостың табиғи өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап, бұл іске атсалысқан қыздардың еңбегін бағалауға шақырды. Бейнесұхбатты @atyrau.gazeti инстапарақшасынан көруге болады.



