27–30 сәуір аралығында Атырауда агротур өтуде.
Бұл жобаны облыстық дене шынықтыру және туризм басқармасы жанынан құрылған «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығы» КММ ұйымдастырды.
Жобаның басты мақсаты – агротуристік қызмет саласында практикалық білім алу, тәжірибе алмасу және алынған дағдыларды кейін өз өңірлерінде қолдану.
Семинарға қатысушыларға агротуризм саласының білікті сарапшылары Камилла Дүйсенова, Алмас Сетербаев, Қазақстандық агро және ауыл туризмі қауымдастығының төрағасы Халида Әшімова және өзге де осы саланың мамандары теориялық дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар өткізуде.

Семинар соңында тыңдаушыларға арнайы курстан өткендігі туралы сертификаттар табысталады.
Дәулетқали АРУЕВ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ



