Атырауда жастар ұйымының өкілдері дауыс берді

«Дала қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері №19 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Мергендер жасағының капитаны Санжар Сабыржанұлының айтуынша, ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат маңызды саяси науқандарға қатысып, өз азаматтық ұстанымын білдіруі тиіс.

- «Дала қырандары» - еліміздің әр өңіріндегі белсенді әрі бастамашыл жастарды біріктіретін қозғалыс. Біздің мақсатымыз - жастардың қоғам мен мемлекет ісіне деген жауапкершілігін арттырып, елдегі тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу. Сондықтан мұндай маңызды күндерде әр азамат өз таңдауын жасауы керек деп есептеймін, - деді ол.

Айта кетейік, №19 учаскеде барлығы 1719 адам тіркелген. Қазір олардың 300-ге жуығы өз таңдауларын жасап үлгерген.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT