Атырауда VI халықаралық Saraishyq Upgrade 2026 жастар форумы қорытындыланды

Атырауда VI халықаралық Saraishyq Upgrade 2026 жастар форумы өз мәресіне жетті.

Екі күн бойы Қазақстаннан және шет елдерден келген 300-ден астам жас қатысушы алты бағыт бойынша жұмыс істеді: кинематография, маркетинг, музыка, event, хореография және жасанды интеллект.

 

Шараның финалы өте әсерлі өтті: қатысушылар форум барысында дайындаған жобаларын таныстырып, үздік деп танылған жұмыстардың әрқайсысы 500 мың теңге көлемінде грантқа ие болды. Жалпы гранттық қор 3 млн теңгені құрады.

 

Жеңімпаздар тізімі:

 

Маркетинг: Ерасыл Қазкен (Астана)

 

Кинематография: Бекзат Төлепов (Атырау облысы)

 

AI және IT: Жоламан Әбутәліп (Ақтөбе облысы)

 

Музыка: Айша Қапанова (Батыс Қазақстан облысы)

 

Event: Ерасыл Мағзом (Атырау облысы)

 

Хореография: Абылай Құсайн (Атырау облысы)

 

Қатысушылар үшін спикерлер атынан арнайы тосынсыйлар жасалды: біреулері тегін оқу мүмкіндігін алса, енді біреулеріне ақшалай жүлделер мен жұмысқа орналасу ұсыныстары берілді. Ал музыка бағытындағы қатысушылардың біріне бірлескен дуэт жазбасын таспалау ұсынысы түсті.

 

Жабылу салтанатының жарқын сәті ретінде Әзірбайжаннан келген қатысушының өнері мен жас авторлардың жұмыстарының таныстырылымы көрсетілді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT