Атырауда туризм саласының үздіктері марапатталды

Атырауда туризм саласын дамытуға үлес қосып жүрген мамандардың басын қосқан форум өтті.

Іс-шара барысында өңірдегі туризмді дамыту, туристік бағыттарды ілгерілету және сала мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды.

 

Жиынның маңызды бөлігі - туризм саласында еңбек етіп жүрген үздіктерді марапаттау рәсімі болды. Бірқатар сала маманына еңбегі мен кәсіби қызметі үшін арнайы марапаттар табысталды.

 

Солардың қатарында Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің маманы Мирамгүл Маева да бар. Ол туризм саласында 12 жылдан бері еңбек етіп келеді. Маманға «Туризм саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

 

«Туризм саласында 12 жылдан бері еңбек етіп келемін. Ақжайық мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінде қызмет атқарамын. Бүгінгі мерекеде «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталатынымды білмедім. Өте қуаныштымын. Еңбегімнің еленгеніне ризамын», - деді Мирамгүл Маева.

 

Форум соңында сала өкілдері өзара тәжірибе алмасып, өңірдің туристік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT