Атырауда Шәмші Қалдаяқовтың 96 жылдығына арналған «Сол бір кеш» әдеби-сазды кеші өтті

Атырауда қазақ музыкасының көрнекті өкілі, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толуына орай «Сол бір кеш» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Тағылымды шараның мақсаты – қазақ эстрадасының негізін қалаушылардың бірі болған сазгердің мол мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа оның шығармашылығын таныту.

Әдеби-сазды кеште Шәмші Қалдаяқовтың халық жүрегінен орын алған әндері шырқалды. Қатысушылар «Әнім сен едің», «Арыс жағасында», «Қайықта», «Бақыт құшағында» және басқа да танымал туындыларын орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шараға жиналған қауым әндерді бірге айтып, композитордың шығармашылығына деген құрметтерін білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Шәмші Қалдаяқовтың әндері бірнеше буынның рухани қазынасына айналып, бүгінгі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Оның шығармалары қазақ халқының мәдени мұрасын байытып, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосты. Композитордың 300-ге жуық әні ел жадында сақталып, түрлі мәдени шараларда тұрақты орындалып келеді.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT