Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

25-қазан Республика күніне орай Атырау қаласындағы Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Туды салтанатты көтеру рәсімі өтті.

Мерекелік шараға облыс әкімі Болат Ақшолақов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық және этномәдени бірлестіктер мүшелері, өңір тұрғындары қатысты.

 

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Іс-шара соңында көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Айта кетейік, биыл Атырау облысында 13–30 қазан аралығында Республика күніне арналған 70-ке жуық іс-шара ұйымдастырылды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT