Атырауда QR-код арқылы жергілікті ақын-жазушылар шығармаларын оқуға болады

Атырауда өткен «Кітап FEST» фестивалі аясында оқырмандарға арналған жаңа цифрлық жоба таныстырылды. «Атырау толқындары» жобасы арқылы өңірдің ақын-жазушыларының шығармаларын QR-код көмегімен оқуға мүмкіндік бар.

Жоба аясында арнайы орналастырылған QR-кодты ұялы телефонмен сканерлеу жеткілікті. Осыдан кейін қолданушылар Атырау өңірі қаламгерлерінің туындыларын цифрлық форматта оқи алады.

 

Шығармалар «Яндекс Кітаптар» платформасында қолжетімді. Бұл бастама жергілікті авторлардың еңбегін кеңінен насихаттап, оқырманға заманауи форматта ұсынуды мақсат етеді.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба кітап оқуды қолжетімді етіп, жастардың әдебиетке қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Атырау толқындары» жобасы «Кітап FEST» мерекесінің ерекше бастамаларының бірі болды.

 

Хұсни ХАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT