Атырауда «Таза Қазақстан» жобасы аясында плоггинг өтті.
Экологиялық акцияға қатысқан 50-ге жуық тұрғын Жайық жағалауы бойымен жүгіріп, жол бойындағы қоқысты жинады.
Нәтижесінде 182 келі тұрмыстық қалдық жиналды. Экологиялық жүгіру Алиев көпірінен басталып, Ретро-саябақта аяқталды. Қатысушылар шамамен 4,5–5 шақырым қашықтықты еңсерді. Шараның ерекшелігі – қатысушылар жүгірумен қатар, маршрут бойындағы қоқысты жинап отырды.
Атырауда «Таза Қазақстан» жобасы аясында плоггинг өтті. Экологиялық акцияға қатысқан 50-ге жуық тұрғын Жайық жағалауы бойымен жүгіріп, жол бойындағы қоқысты жинады. Нәтижесінде 182 келі тұрмыстық қалдық жиналды. Экологиялық жүгіру Алиев көпірінен басталып, Ретро-саябақта аяқталды. Қатысушылар шамамен 4,5–5 шақырым қашықтықты еңсерді. Шараның ерекшелігі – қатысушылар жүгірумен қатар, маршрут бойындағы қоқысты жинап отырды. Плоггингті ұйымдастыруға «Тенгизшевройл» компаниясы, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры, ТШО қызметкерлерінің «Women’s Employee Network» әйелдер қауымдастығы және Atyrau Run Club жүгіру клубы атсалысты. «Тенгизшевройл» компаниясының кен орнын игеруді басқару бөлімінің геологы Гүлжамал Мақсотованың айтуынша, мұндай экологиялық жүгіру төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып кел — Әдетте бір шара барысында 100 келіден астам қоқыс жиналады. Биыл қатысушылар 182 келі қалдық жинады. Бұл бастамаға жыл сайын қызығушылық артып келеді, — деді Гүлжамал Мақсотова.
Акция қатысушысы Азамат Білаловтың өзі мәреге бес келіге жуық қоқыс алып келді. Оның айтуынша, қатысушылар жол бойынан негізінен пластик бөтелкелер, фастфуд қалдықтары, темекі тұқылдары мен қағаздарды жинаған.
— Біз бұл шараға жыл сайын қатысамыз. Бұл – өз қаламыз. Сондықтан тазалыққа әрқайсымыз жауапкершілікпен қарауымыз керек, — деді Азамат БілаШара соңында қатысушыларға ағаштан жасалған экомедальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, экомедаль иелері оны қаладағы серіктес кофеханалардың бірінде көрсетіп, тегін кофе ала алады.
Суреттерді түсірген Георгий ШАПОШНИКОВлов.еді.




