Ұстаздар күнінде Әл-Фараби атындағы Binom School мектебінде «Ұстаз айтса» облыстық диалог алаңы өтті.
Кездесуге «Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Болат Қонарбай қатысты. Педагогтер үш ауысымды оқыту, кадр тапшылығы, білім сапасы және оқушыларға тең мүмкіндік беру мәселелерін көтеріп, оларды шешуге бағытталған өз ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын барысында айтылған ұсыныстар «Ұстаз айтса» қорытынды құжатына енгізіліп, бірыңғай республикалық базаға жолданады. Сондай-ақ облыстың үздік педагогтері Алғыс хаттармен марапатталды.




