Мерекелік науқан 10 күн бойы 13 ірі сауда нысанында ұйымдастырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына көктемгі жаңару мен тиімді сауданың ерекше атмосферасын сыйлауда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Акция аясында сауда нысандары сатып алушыларға азық-түлік және өзге де тауарларға 10–80 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынуда. Акциялық тауарлар арнайы мерекелік баға белгілерімен және навигациялық көрсеткіштермен белгіленген. Бұл келушілерге жеңілдікпен ұсынылған өнімдерді оңай табуға мүмкіндік береді.
- Акцияға барлығы 13 сауда субъектісі қатысуда. Олардың қатарында Атыраудағы ірі сауда және ойын-сауық орталықтары – Infinity Mall, «Тамаша», «Baizaar», «Атырау» және «Насиха» сауда үйлері, «Дина» базары, сондай-ақ басқа да сауда желілері бар, – деді облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиев.
Мерекелік көңіл күйді өңірдің барлық аудандарында өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері де толықтыра түсуде. Мұнда тұрғындар жергілікті өндірушілердің жаңа өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.



