Наурыз мерекесіне орай Атырауда ұйымдастырылған кешкі концерт ерекше әсермен өтті. Исатай-Махамбет алаңына 20 мыңнан аса халық жиналып, мерекелік кештің куәсі болды. Көпшілік әнге қосылып, еркін атмосферада Наурыздың шынайы рухын сезінді.
Сондай ақ сахна төрінде эстрада жұлдыздары Әділет Жауғашар, Айгерім Қалаубаева және Абдижаппар Әлқожа өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді. Хит әндер шырқалып, көрермендер қосыла ән айтып, ерекше әсер алды.
Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! Береке мен амандық тілейміз! 🌿



