Атырауда Nauryz AI Hackathon өтті: жастар жасанды интеллект жобаларын ұсынды

Атырауда Nauryz AI Hackathon өтіп, жасанды интеллектке қызығушылығы бар жастар мен ІТ-мамандарды бір алаңға жинады. Іс-шараның мақсаты – MVP кезеңіндегі инновациялық AI жобаларды анықтап, қолдау.

Байқауға 16 команда 55-ке жуық адам қатысып, 500 мың теңге жүлде қоры үшін бақ сынауда. Қатысушылар қатарында жоғары сынып оқушылары, колледж және ЖОО студенттері, жұмыс істейтін жастар мен жас мамандар, сондай-ақ жұмыссыз немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған 14-35 жас аралығындағы жастар бар. Қатысушылар өзекті ІТ-кейстерді шешіп, әзірлеген прототиптерін сарапшыларға ұсынуда.

- Бүгінгі Хакатонда қоғамдық қауіпсіздік, заңсыз құрылыс, экология, денсаулық сақтау және білім беру бағыттары қамтылды. Қатысушылар қылмысты талдайтын цифрлық платформалар, заңсыз құрылыс нысандарын анықтайтын жүйелер, экологиялық мәселелерді шешуге арналған технологиялар, сондай-ақ шалғай елді мекендердегі тұрғындардың денсаулығын қашықтан бақылау жобаларын ұсынды, - деді ұйымдастырушы Арнұр Сәттіғұлова.

Сонымен қатар қатысушылар, білім беру саласында оқушылардың үлгерімін талдап, жеке оқу жоспарын құратын және геймификация элементтері арқылы мотивацияны арттыратын платформалар әзірленуде.

Екі күнге жоспарланған хакатонда жеңімпаздарды тәжірибелі мамандардан құралған қазылар алқасы анықтайды.

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT