Атырауда мемлекеттік басқаруды цифрландыру мәселесі талқыланды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшылығымен кездесіп, өңірдегі мемлекеттік басқаруды цифрландырудың мүмкіндіктері жөнінде кеңесті.

Тараптар Smart Data Ukimet платформасының мүмкіндіктерін, тұрғындарға арналған бірыңғай цифрлық кеңістік құру, ситуациялық орталықты дамыту, коммуналдық ресурстарды интеллектуалды есепке алу жүйесін енгізу, бизнеске арналған цифрлық сервистерді дамыту және мектептегі тамақтануды дербес есепке алу жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарын қарастырды.

Облыс әкімі көтерілген бастамаларға қатысты техникалық тапсырмалар жобасын 10 тамызға дейін әзірлеп, оларды әрі қарай пысықтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT