Атырауда көшелерді дрон арқылы бақылау күшейтілді

Атырау қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді әуеден патрульдеу тәжірибесі енгізілді. Арнайы жарық сигнал шамдарымен жабдықталған дрондар қоғамдық орындар мен автожолдардағы жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Әсіресе мереке және демалыс күндері халық көп шоғырланатын аумақтарда әуе бақылауы күшейтіліп отыр. Ұшқышсыз ұшу аппараттары күмәнді жағдайларды жедел анықтап, құқық бұзушылықтардың алдын-алуға ықпал етеді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, дрондардың көмегімен қоғамдық орындардағы тәртіп бұзу деректері дер кезінде тіркеліп, тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, автожолдарда көлік қозғалысын бақылау арқылы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін сақтау деңгейін арттыру көзделген.

Заманауи технологияларды қолдану құқық қорғау органдарының жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Майра ЕРҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT