Атырауда құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосқан азамат марапатталды

Қоғамдық тәртіпке бейжай қарамай, құқық бұзушылықтың жолын кесуге көмектескен азамат Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Айдар Қасановтың Алғыс хатымен марапатталды.

 14 қыркүйек күні Азаттық даңғылының бойында масаң күйдегі ер адам азық-түлік дүкенінің терезе әйнегін сындырған. Оқиғаға куә болған азамат құқық бұзушының әрекетін тоқтатып, полиция қызметкерлері келгенге дейін ұстап тұрған. 

Азаматтың жедел әрекеті құқық бұзушыны дер кезінде анықтап, заңнамаға сәйкес шара қабылдауға мүмкіндік берді. – Құқық бұзушылыққа бейжай қарауға болмайды. Қоғамдық қауіпсіздік – баршамызға ортақ іс, – деді қала тұрғыны. 

 

 

 

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүрген белсенді азаматтарға алғысын білдіреді. 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT